Басып шығару

Кәсіби бағдар аясында

«Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия» КММ-де  Кенжеханова М.Б., Жолдасбекова Г.Ш.,Қайсарова А.А., Үсенова Ж.Н.  бітіруші сынып оқушыларына 6В07510 – «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасына түсуге байланысты кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға аталған мамандықтың мазмұны, оқу процесінің ерекшеліктері, кәсіби қызмет бағыттары, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы мансаптық мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріліп, мамандықпен жан-жақты таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқуға түсу талаптары мен артықшылықтары түсіндіріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Image
Image
Image

powered by social2s