2026 жыл 15 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Акт залында «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті және «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы аудандары мектептерінің бітіруші түлектері, Әуезов университетінің «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы» тыңдаушылары, колледж бітіруші түлектері үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
Кездесу барысында «Кәсіптік бағдар беру орталығы» директорының орынбасары Нұрғали Утеулиев бітіруші түлектерге «Біріңғай тестілеудің» және мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім берудің негізгі қағидаларымен, «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы факультеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырды. «Мұнайгаз ісі» кафедрасының профессоры Надиров Казым Садыкович мұнайгаз саласы бойынша түлектерге мәлімет берді. «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі Тулекбаева Айжамал Қонысбаевна мектеп бітіруші түлектерге стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша ақпарат берді.
Арнайы шақырылған қонақтар Қазақстан стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Бейсеев Сакен Ануарбекұлы, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы, Өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші маманы Шубай Данияр Ғалымжанұлы бітіруші түлектерді қазіргі таңда инженерлік білім алудың өзекті екенін және де қоғамды жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінің студенттік сенаторы Абибулла Аңсар және ММГ-25-9к тобының студенті Әшірбай Жұлдызай сөз сөйлеп түлектерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне оқуға түсуге шақырды.
Іс шарада факультеттің білім беру бағдарламалары бойынша толық ақапараттар беріліп, кафедралар және материалдық техникалық базасымен таныстыру мақсатында оқу ғамараттарына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында факультет деканы мен кафедра меңгерушілері тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, тыңдаушыларды білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге шақырды.



