14.04.2026ж. күні "ТМ үшін Жоғары математика және физика" кафедрасының жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы Әйгерім Бәкіржанқызы - «Тасымалдау құбылыстары» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Басып шығару

«Тасымалдау құбылыстары» тақырыбында ашық дәріс сабағы өткізілді. Дәріс барысында студенттерге жылу, масса және импульс тасымалының негізгі заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, теориялық білім тәжірибелік мысалдармен ұштастырылды. Студенттер өзара кішігірім тәжірибие жасап, теориялық білімдерін толықтырды.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі ерекше байқалды. Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтарға нақты жауаптар беріп, тақырыпты терең меңгергендерін көрсетті.
Осындай ашық дәрістер білім сапасын арттырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға да үлкен мүмкіндік береді.

powered by social2s