2026 жылдың 12 наурыз күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес, Сарыағаш ауданының мектеп бітіруші оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы Сарыағаш қаласындағы №5 С.Ысмайылов мектебінде ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқандар «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы, кәсіби бағдар беру орталығының медиа бөлім жетекшісі Қайықбаев Мейірбек Жұмабайұлы, университеттің әскери кафедрасының аға оқытушысы Абжаппаров Жақсыбай Медетұлы, Мұнайгаз ісі кафедрасының аға оқытушысы Ерменов Сапарбек Махмутұлы, Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының аға оқытушысы Алибекова Малика Даулетханқызы, Технологиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасының аға оқытушысы Кенжебеков Досхан Мухитжанұлы, студенттік сенаторы Абибулла Аңсар Ердаулетұлы, 1-курс студенті Ашірбай Жұлдызай Бәкірқызы.
Іс-шара барысында «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Байысбай Өмірбек Пернебайұлы университеттің білім беру бағдарламаларын, оқу мүмкіндіктерін және студенттерге жасалған жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасы, халықаралық байланыстары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып өтті. Кәсіби бағдар беру орталығының медиа бөлім жетекшісі Қайықбаев Мейірбек Жұмабайұлы талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу тәртібі, құжат тапсыру кезеңдері, ҰБТ ережелері, білім беру бағдарламалары және шекті балдар туралы толық мәлімет берді.
Университеттің әскери кафедрасының запастағы подполковнигі Абжаппаров Жақсыбай Медетұлы оқушыларға университеттің әскери кафедрасында білім алу талаптары мен мүмкіндіктері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының аға оқытушысы Алибекова Малика Даулетханқызы қазіргі таңда өндіріс пен қызмет ету сапасы өте маңызды екенін білесіздер. Осы сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттау, сертификаттау және метрология саласы жұмыс жасайды. Мамандықтар бойынша толық қанды мағлұмат бере отырып, мектеп бітіруші оқушыларын университетке оқуға шақырды.
Кездесу барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет өкілдерінен жан-жақты жауап алды. Атап айтқанда, «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Осындай кездесулер талапкерлерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға және университеттің білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.









