Басып шығару

Болашақ мамандар Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға атсалысуда

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының оқытушылары: Ерім Г., Үсенова Ж., Отуншиева А., Кайсарова А., Кенжеханова М,. Жолдасбекова Г., Насыр С., Турдыбекова Д. кафедра студенттерімен БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) насихаттау және іске асыру мақсатында бірқатар тәлімгерлік сағаттар өткізді.

Шара барысында бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:

  • Әлеуметтік жауапкершілік: Кедейлікпен күрес және гендерлік теңдікті дамыту.
  • Экономикалық сауаттылық: Қаржылық сауаттылық негіздері және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Экологиялық мәдениет: «Жасыл» экономикаға көшу, су ресурстарын үнемдеу және қалдықтарды азайту.
Тәлімгерлік сағаттардың басты мақсаты — болашақ стандарттау мамандарының қоршаған орта мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ экологиялық және экономикалық тұрғыдан сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Image
Image
Image

powered by social2s