Студенттермен «Гендерлік даму» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық тәрбие сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің гендерлік теңдік, өзара құрмет, қоғамдағы әйел мен ер адамның рөлі туралы түсінігін кеңейту. Талқылау барысында қатысушылар:
- гендерлік даму ұғымына анықтама беріп,
- қоғамдағы гендерлік стереотиптерді талдады,
- пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізді.
Ашық форматтағы диалог студенттердің сыни ойлау қабілетін арттырып, бір-бірінің көзқарасын құрметтеуге үйретті. Сабақ тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі белсенді өтті. Осындай кездесулер студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.





