Басып шығару

Жас мамандарды даярлау: Шымкентте форсайт-сессия басталды

          Жас мамандарды даярлау: Шымкентте форсайт-сессия басталды
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Мамандығым – болашағым» республикалық жобасы аясында екі күндік маңызды форсайт-сессия өз жұмысын бастады. Бұл іс-шара өңірлердегі салалардың даму тенденцияларын анықтауға, алдағы жылдары нарыққа қажетті мамандар мен дағдыларға сұранысты болжауға, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңарту мәселелерін қарастыруға арналған.
     Маңызды іс-шараға «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгеруші А.К.Тулекбаева және жұмыс берушілер атынан «Сапа стандарт-KZ» ЖШС директоры А.Садешов және «Интертехсервис» ЖШС-нің Бас директоры С.И.Ибалуллаев қатысты.

Image

powered by social2s