«Машинажасау» білім беру бағдарламасының іс-тәжірибеге бағдарлануын арттыру мақсатында «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті мен «allur» Қазақстандық автокөлік компаниясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу аясында профессор-оқытушы құрамының әрекеттегі кәсіпорын базасында тағылымдамадан, білім алушылардың іс-тәжірибеден өтуін ұйымдастыру және білім беру бағдарламасының өзектілігін арттыру бағытындағы мәселелер талқыланып, алдағы уақытта екіжақты келісім шарт жасасу бойынша келісілді. Өз кезегінде «allur» Қазақстандық автокөлік компаниясының өкілдері бітіруші түлектерді жұмысқа тарту бағытындағы арнайы бағдарламалармен таныстырды.
Жаңалықтар
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ АЯСЫНДА
powered by social2s