Түркістан қаласында еліміздің жоғары оқу орындары арасында өтіп жатқан ХІІІ жазғы Универсиада аясында спорттық жарыстар ерекше қарқынмен өтуде. Осы орайда, қуанышты жаңалық Әуезов университетіне де жетті.
«Механика және мұнай-газ ісі» факультетінің «ММГ-21-2Р» тобының студенті Алжанов Бексултан каратэ (WKF) спорт түрінен екі бірдей жүлделі орынды иеленіп, университет абыройын асқақтатты. Атап айтқанда:
-
Ката бағдарламасы бойынша – ІІІ орын,
-
Кумитэ бағдарламасы бойынша (-67 кг салмақ дәрежесінде) – ІІІ орын.
Бексултанды бұл толағай табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктерің толастамай, биік белестерден көріне бер!