Темпус СТУДИК жобасы

СТУдик жобасының мониторингісі

2015 жыл  3-ші қараша айында  516802-TEMPUS-1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR «Қазақстандағы  демократиялық қатысу мен студенттік өзара басқару» (СТУдик) жобасының мониторингісі болып өтті. Мониторингтің басты мақсаты – жобаны үздік жүзеге асыруға ықпал ету. Кездесу кезінде қатысушылар жетістіктерімен қатар, күшті және әлсіз жақтары туралы мәселелерді атап өтті.

Іс-шара Абылай хан атындағы  Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университетінің (Алматы қ.) негізінде өткізілді. Жоба нәтижелері қанағаттанарлық деп танылды.

 

           

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде Қазақстандағы студенттік өзін-өзі басқару және демократиялану (СТУДИК) TEMPUS 516802-TEMPUS-1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR жобасы қарқынды жүзеге асырылып келеді.

Жобаның мақсаты – Жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге қатысты мәселелерге арналған жобаларды жүзеге асыру үшін және университет студенттерінің белсенділігін арттыру арқылы демакратиялану жолында арнайы студенттік өзін-өзі басқару жүйесін құру болып табылады. Студент жастардың арасында демократиялық мәдениетті нығайту арқылы  демократиялық басқаруды үйрету.

Жобада Қазақстан, Германия, Австрия, Латвия және Литва мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындары және жастар қоғамдық бірлестіктері қатысады.

Жоба үйлестіруші

TUD – Дрезден Техникалық Университеті, Германия

Жобаның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі:

UIB – Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы, Қазақстан

Жобаның Қазақстандық серіктестері:

Жоба аясында жоғарғы оқу орындарында студенттік қозғалыстар құрып студенттер мен әкімшілік топтарға семинарлар мен тренингтер құру және жобаның қарқынды дамуына арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. СТУДИК жобасында Қазақ және Еуропа елдерінің студенттері арасында қарым-қатынас орнатылады, студенттер мен университет әкімшілігі арасында әріптестік қарым – қатынас орнатуға көмек береді.

СТУДИК жобасының іске асырылу кезеңдері:

СТУДИК жобасының  үйлестірушілерінің қорытынды кездесуі

2015 жыл  маусым айының  8-13-ші күндері Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразиялық Ұлттық университеті  негізінде « Қазақстандағы  демократиялық қатысу мен студенттік өзін-өзі басқару - СТУДИК».

ОҚМУ атынан   жоба үйлестірушісі Кулакова Людмила  және студенттік өзін-өзі басқарудың белсенді мүшесі Қуаныш Нұрлыислам қатысты.

Іс-шара аясында  қазақстандық және шет ел жоғары оқу орындарындағы  жобаның  даму сатылары мен нәтижелері туралы есептер тыңдалды.   

04.03. – 06.03.2013ж. аралығында Дрезден техникалық университетінде (Германия) СТУДИК жобасының жоғарғы оқу орындарындағы үйлестірушілерінің бірінші кездесуі өтті. Кездесуге барлығы 22 Қазақстан мен Еуропа елдерінің оқу орындары  және студенттік ұйымдары қатысты. Кездесу барысында жобаның кезеңдері мен жұмыс жоспарлары талқыланып бекітілді және ЖОО қатысушыларының презентациялары көрсетіліп Mandate Amendment.

2013 жылдың сәуір – мамыр айларында Дрезден – Рига қалаларындағы студенттік өзін-өзі басқару жолдары бойынша семинар-тренингке қатысуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ белсенді студенттерінің арасында іріктеу нәтижесінде «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы білім алатын ІІІ курс студенттері Досмахамбет Гульсезим және Махмут Арай жоғарыдағы қалаларға барып келді.

Университет тарапынан студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жүйелендіру үшін және жобаны қолдау мақсатында оқу орданың бас ғимаратындағы №107 жұмыс аудиториясы берілді. Жұмыс аудиториясында жұмысқа арналған жиһаздармен, жұмысқа арналған құрал-жабдықтармен сымтетікпен (30-07-88) және ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген.

24.05.2013 ж. күні Алматы Халықаралық бизнес университетінде СТУДИК жобасының мониторингіне барлық әріптес-жоғарғы оқу орындары мен Қазақстандағы Темпус бағдарламасының ұлттық кеңсесінің өкілдері Тасбулатова Шайзада Умурзаковна мен Танкибаева Мереке Хафизовна қатысуының нәтижесінде жалпы жобаның өтілу барысыныа оң бағасын берді.

Жоба үйлестірушілерінің екінші кездесуі 17.10. – 19.10.2013ж. күндері аралығында Алматы Халықаралық бизнес университетінде өтті. Кездесу барысында жобаның өзекті мәселелері мен алға қойылған мақсаттарға жету жолдары қарастырылды. Нәтижесінде Қазақстан және Еуропа елдеріндегі студенттік өзін-өзі басқаруды сипаттайтын конмендиумын шаруға шешім қабалданды.

 

20.01. – 31.01.2014 ж. күндері аралығында Дрезден техникалық университеті (Дрезден қ., Германия TUD) мен BOKU университетінде (Вена қ., Австрия) Қазақстан жоғарғы оқу орындары-әріптестеріне семинарлар мен тренингтер өтті. Семинарлар аясында әріптестер TUD және BOKU университеттерінің студенттерімен кездесіп, өзін-өзі басқару жүйелерімен және жастар ұйымдарының таныстдан кейін семинар соңында қатысу сертификаттарына ие болды.

27.03.2014ж. күні СТУДИК жобасы үйлестірушілерінің кезекті скайп-конференциясы өтті. Скайп-конференция барысында жоба студенттеріне арналған Дрензден-Рига қалаларындағы семинар-тренингтердің өтілу барыстары мен студенттердің дайындығы туралы сөз болды.

2014 жыл қазан айының 13-16-шы М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде   TEMPUS бағдарламасының 516802-TEMPUS-1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR  STUDIK жобасының координаттардың 3 кездесуі өткізілді. Қатысушылар:  ҚР Білім және ғылым министирлігінің өкілдері, қазақстандық және шетелдік университеттері, студенттік ұйымдар. Кездесуде бүгінгі күндегі жобаның жағдайы және Қазақстандағы студенттердің өзін - өзі басқару заңнамалдық негіздерінің  мәселелерін жетілдіруді дөңгелек үстелде талқылады.


2002 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттік өзін-өзі баскару студенттік кеңес жүйесі өз қызметін бастады және аталмыш жүйенің Ережесі мен құрылымы жасақталды.

Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі студенттік өмірді ұйымдастыру мен жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Белсенді студенттер университетіміздің ректораты мен ғылыми кеңесінің мүшесі болып табылады.

Әр айдың 20 куні унивеситетімізде өзін-өзі басқару куні өтеді, ол кезде  белсенді студенттер бір күн бой университетіміздің оқу және тәрбие жүйесінің жұмысын жүргізеді.

Университетіміздің өзге ұлт өкілдері студенттерінің қарым-қатынастын өзара салт-дәстүрлерін дамыту мақсатында ОҚМУ студенттерінің кіші Ассамблеясы құрылған. 2012 жылы атын "ДОСТЫҚ" деген атаумен жұмысын қайта жандарып қазіргі таңда оның құрамында 29 ұлт өкілдері студенттері білім алуда.

Студенттік өзін-өзі басқаружүйесінің ең басты жетістіктерінің бірі студенттік уйымдарының төрағалары мен студенттік ректордың сайлануы болып табылады. 2014 жылдың қыркүйек айында алғаш рет студенттік ректорды сайлау үрдісі болып өтті және сайлау ашық дауыс беру арқылы университетіміздің студенттік ректоры болып СМ-12-6к тобының студенті Батырбаев Бағдат сайланды.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап SUDIK жобасы қолға алынды, жоба аясында Европа жоғарғы оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында университетіміздің белсенді студенттері Арай Махмут пен Гүлсезім Досмаханбет Дрезден техникалық университеті (Германия, Дрезден қ.) және ISMA университетінің (г.Рига, Латвия) студентерімен тәжірибе алмасқан болатын.

Университетіміздің студенттік-өзі басқару жүйесі тарапынан «TEMPUS-STUDIK» бағдарламасы мүшесі болып студенттік ректор Батырбаев Бағдат, Агроөнеркәсіп инженериясы жоғары мектебінің студенттік деканы Райымбекова Ақнұр, белсенді студенттер Махмут Арай, Досмаханбет Гүлсезім, Шарасулов Мансұр және аталмыш жобаның ғаламтор жетекшісі Кочкаров Рустам болып табылады.

2015 жылдың 28 қаңтарда студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің кабинетінде STUDIK жобасы топ мүшелері Оңтүстік Қазақстан мелекеттік педагогикалық институты мен "Мирас" университеті жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында STUDIK жобасы туралы насихатталып, жобаның жүру барысы туралы түсіндірілген болатын.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз