Креативті білім беруді ұйымдастыру

Университетте креативті білім беру мен педагогтердің кәсіби құзыреттерін жаңғыртуға арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін күшейту, қайта даярлау мен қосымша білім берудің мүмкіндіктерін таныстыру және креативті білім беру тәсілдерін, соның ішінде геймификацияны, оқу процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету.
Жиын барысында қайта даярлау курстарының мүмкіндіктері, ҚБО-ның қызмет нәтижелері және геймификацияның білім сапасын арттырудағы рөлі таныстырылды.
Алдымен сөз алған «Кәсіпкерлік және серіктестік» орталығының басшысы Айжан Диканбаева қайта даярлау курстарының бүгінгі білім беру жүйесі үшін неге маңызды екенін түсіндірді. Ол жоғары білім саласының қарқынды өзгеріп жатқанын, педагогке жаңа дағды мен икем қажет екенін атап өтті. Қайта даярлау курстары оқытушыға кәсіби беделін арттыруға, жеке авторлық курсын қалыптастыруға және қосымша табыс табуға мүмкіндік беретінін айтты.
Келесі бөлімде Ғабит Бекболатов «Қосымша білім беру» орталығының жылдық қорытындысын таныстырды. Ол орталықтың 304 тыңдаушыны оқытып, сондай-ақ педагогтік қайта даярлау курстары арқылы 58 маман жаңа бағыт бойынша білім алғанын айтты.
Жиынның келесі бөлігі геймификацияға арналды. Ақтөре Нұрымов оқу процесін жандандыратын әдістерді нақты мысалдармен көрсетті. Ол геймификацияның динамика, механика, эстетика және әлеуметтік өзара әрекет бағыттарын түсіндіріп, сабақтағы мотивацияны күшейту жолдарын бөлісті. Сонымен бірге 5W1H, SCAMPER сияқты креативті әдістердің оытушысы жұмысына қалай серпін беретінін айтты.
Кездесу соңында интерактивті ойын ұйымдастырылып, қатысушылар геймификацияның мүмкіндіктерін тәжірибеде байқап көрді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.