Жаңалықтар
«Уақытпен үндескен өнер»: Суретші Батухан Байменнің 70 жылдық мерейтойы аталып өтті
- Қаралды: 46
Шымкентте отандық графиканың дамуына зор үлес қосқан, Қазақстанның ең ірі заманауи график-суретшілеріні бірі, ҚР Мәдениет қайраткері, академик Батухан Әбдікерімұлы Байменнің мерейтойына арналған кең көлемді шығармашылық кеш өтті.
Батухан Баймен — тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де заманауи графика саласында есімі танылған суретші. Ол өз туындыларында ежелгі түркілердің тарихын,көшпенділер әлемін, сондай-ақ адам мен оның өмірі және т.б. тақырыптарды бейнелейді.
«Уақытпен үндескен өнер» атауымен өткен мәдени шараның мақсаты – ұлттық бейнелеу өнерінде айрықша қолтаңбасын қалдырған суретшінің шығармашылығын насихаттап, жас буынға рухани тәрбие беру.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының қалалық филиалы, ҚР Жазушылар одағының Шымкент қалалық өкілдігі, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шығармашылық кеш аясында суретшінің туындылары қойылған көрме ұйымдастырылып, оның өнер жолындағы ерен еңбегі мен қазақ бейнелеу өнеріне қосқан үлесі туралы естеліктер айтылды.
Іс-шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Суретшілер одағы және Шымкент қалалық әмбебап кітапханасы ұйымдастырды.
Айта кетейік, Батухан Баймен — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі. Өз саласының шебері атанған ардақты түлекті университет ұжымы 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Шығармашылық шабыт пен зор табыс тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз