Басып шығару

Green webinar вебинарлары өтті

11.11.2021-21.12.2021 ж. аралығында экология саласындағы мамандардың құзыреттілігін арттыру мақсатында ғылыми білім мен технологияларды тарату үшін құрылған GREEN Webinar ғылыми-білім беру платформасында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының вебинарлары өтті.
Орталық құрылған сәтінен бастап елдің жасыл экономикасының дамуына жәрдем көрсетеді, ең озық қолжетімді техникаларды енгізу үшін кешенді технологиялық аудит жүргізеді, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ағартады, 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму жөніндегі конференциясына қатысушы мемлекеттер қабылдаған "Жасыл көпір" Әріптестік Бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын нығайтады. "Экология" кафедрасының магистранттары мен докторанттары осы курсқа қатысып,  сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды. Тыңдаушылар қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдері үшін жасыл таксономияны қолдану, ОҚТ қағидаттарында табиғатты қорғауды реттеу, ОҚТ-энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру құралы, ОҚТ –ға көшуді ескере отырып, өндірістік секторлардағы күтілетін өзгерістер, өнеркәсіптік ластануларды реттеу кезінде ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің жүйелі тәсілі, ағымдағы қазақстандық әзірлемелер және ЖЭК-тің одан арғы перспективалары, экологиялық саясаттағы жаңа қағидаттар мен тетіктер тақырыптарында онлайн-семинарларды тыңдай алды.
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз