2021 жылдың 23 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы мен Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қосымша білім беру орталығы бірлесіп ұйымдастырған шетелдік ғалым-оқытушы, Путра университетінің қауымдастырылған профессоры (Малайзия), PhD докторы Масра Азрифаның «Оқытуды басқару жүйесі технологиясының қазіргі тенденциялары мен болашағы» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.
Мастер-класс барысында әлемдегі ең танымал Moodle оқыту платформасының мүмкіндіктері мен негізгі функциялары қарастырылды; ойындарға негізделген оқыту жүйелері: Kahoot, Quizizz; онлайн тақталар: Padlet, Wakeled, Lino; интерактивті презентация жасауға арналған бағдарлама: Mentimetr; оқушылардың деректерін жинауды, талдауды және ұсынуды және олардың контекстін түсіну және оқыту мен ортаны оңтайландыру мақсаттарын қамтитын оқыту аналитикасы бойынша бағдарламалар мен негізгі трендтер қарастырылды.