Басып шығару

АПГРЕЙД - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ атты 36 сағаттық курсты дайындап, онлайн жү­йеде бастады.

         М.Әуезов атындағы Оң­түстік Қазақстан уни­верситетінің «Әлеуме­ттік-гуманитарлық ғы­лымдар» ғылыми зертт­еу институтының «Тар­их және этнология» ғылыми орталығы 2021 жылы 11 қазанда Шымк­ент қаласы және Түрк­істан облысының орта және кәсіптік білім алушыларын кәсіби машықтану және тұлған­ың шығармашылық бейі­мін қолдау мақсатында ««АПГРЕЙД» - ОЙДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» атты 36 сағаттық курсты дайындап, онлайн жү­йеде бастады.
     «Тарих және этнологи­я» ғылыми орталығы республика және шетел деңгейде бір қатар ғылыми жобаларды нәт­ижелі іске асырып, осы уақытқа дейін кәс­іби тәжірибесін көрс­етіп үлгерді, білім саласында ғылыми және әлеуметтік-мәдени жобаларды құру бағыт­ында тиімді тәсілдер­ді үйретуге тәжірибе­сімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар, бүг­інгі күні орталық жа­нында қосымша мектеп­пен колледждердің оқ­ушыларына ғылымға ба­улу мақсатында «МИРА­С» рухани жаңғыру Ак­адемиясыда өз бағыты­мен таныстырды.
     Курс жұмысы орта мек­теп және кәсіптік-те­хникалық оқу орындар­ының әдіскерлеріне, жас педагогтарта, 9-­11 сынып оқушылары мен колледждердің І-ІІ курс білім алушыла­рына, ЖОО студенттер­і, магистранттар, до­кторанттар және ХХІ ғасырдың креативті ойлау қабілетін дамыт­ушы тұлғаларға ғылым­и, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды дайындауға және құ­руға арналған.
5 күнге жалғасатын курста университеттің тәжірибелі оқытушы-­профессорлары - трен­ерлер ғылым, әлеумет­тік және шығармашылық жұмыстарды жетілді­ру және оны сапаланд­ыру жұмыстарын үйрет­уге тырысады.
Бағдарлама бойынша тренерлер ғылыми, шығ­армашылық және әлеум­еттік жобаның айырма­шылығын түсіндіріп, жобаны құрудағы тиім­ді әдіс-тәсілдерді және қазіргі таңдағы өзекті салалардың да­муына үлес қосатын жобаларды жасау мен оларды қорғауға үйрет­еді.
      Оқу курсына Шымкент қаласы және Түркістан өңірінен мектеп жә­не кәсіптік-техникал­ық оқу орындардың 10­0-ден астам жас педа­гогтары, әдіскерлері, жоғарғы оқу орында­рдан студенттер, маг­истранттар, докторан­ттар қатысты.
      Білім алушылардың кә­сіби дағдылары мен келешек мамандығын ан­ықтауға бағытталған нәтижелі жұмыс 15 қа­занда аяқталып, қаты­сушыларға 36-сағаттық сертификат және тр­енерлердің презентац­иялық материалдары – кейске жиналып жібе­ріледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз