Академиялық ғылым департаменті

Жетістіктер

Қараша 2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


"Математика" кафедрасының оқытушысы, phD докторы, жас ғалым
Сәрсенби Әбдісаламды
ON AN INVERSE PROBLEM OF RECONSTRUCTING A SUBDIFFUSION PROCESS FROM NONLOCAL DATA. https://doi.org/10.1002/mma.5498 Q1 квартилімен Mathematical METHODS IN THE APPLIED SCIENCES (Web of Science) журналында   жарияланған  мақаласымен құттықтаймыз!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


Құттықтаймыз!!!
"Экономика" кафедрасының оқытушылары Bakyt Beknazarov, Roza Niyazbekova, Marzhan Daurbayeva "DEVELOPMENT OF ENTREPRENEURSHIP AND FORMS OF SELF-EMPLOYMENT IN THE INNOVATIVE SECTORS OF the ECONOMY" мақаласын жариялаумен https://doi.org/10.9770/jesi.2020.8.2 (13) ENTREPRENEURSHIP and SUSTAINABILITY ISSUES журналында квартиль - Q2 (Web of Science)және процентиль - 98 (Scopus) бар

Желтоқсан 2021

Құттықтаймыз!!!


PhD докторы, қауымдастырылған профессор, академиялық ғылым департаментінің директоры Назарбек Ұлжалғас Бақытқызын жетекші ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалуымен құттықтаймыз.

 

У. Б. Назарбек ҚР БҒМ ҒК қаржыландыратын АР09057884 гранттық ғылыми жобасының жетекшісі. 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 1 монография, 5 оқу құралы, 10 оқу – әдістемелік құрал, Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасында индекстелетін басылымдарда 17 мақала, Хирш индексі-4.  У. Б. Назарбек «2016 жылғы ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері, 2016 жылы Мюнхен (Германия) техникалық университетінде, 2017 жылы Лювен Католик университетінде (Бельгия) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ұлжалғас Бақытқызын шын жүректен құттықтаймыз, жасампаз еңбекте үлкен табыс, бейбітшілік, амандық пен бақыт тілейміз!!!

Құттықтаймыз!!!


"Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы машина жасау және көлік Ұлттық Ғылым академиясының академигі Пернебеков Сәкен Сәдібекұлын мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалуымен құттықтаймыз.

 

Сәкен Сәдібекұлының ғылыми-педагогикалық өтілі 27 жылды құрайды, оның барысында 300-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектері, оның ішінде 20-дан астам оқу құралдары мен монографиялары, Scopus және Web of Science дәйексөз базасына кіретін ғылыми журналдарда 6 ғылыми мақаласы жарияланған.

С. С. Пернебеков - "ЖОО үздік оқытушысы-2017" атағының иегері және 2018-2020 жылдары "Энергетика және машина жасау" бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып жұмыс істеді (ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 879 қаулысы).

С.С. Пернебековтың жетекшілігімен студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурстарының 10-нан астам жүлдегері, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары бойынша  ЖОО конкурстарының 9 жүлдегері дайындалды.

Профессор С. С. Пернебеков халықаралық және республикалық ғылыми жобаларды (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру)орындауға белсенді қатысады, оның ішінде 530786-TEMPUS -1-2012-1-NL-Tempus-SMHES" Towards a Central Asian Higher Education Area: Tuning Structures and Building Quality Culture"(2015-2016 жж.), ERASMUS+«598817-EPP-1-2018-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPEEIHSR» -Economics, Ecology and Infrastructure at High-Speed Railways (EEIHSR) (2019ж. – қазіргі уақытта)  халықаралық жобаларының және үш республикалық жобаның орындаушысы.

Профессор С.С. Пернебековтың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының техникалық пайдалану сенімділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.

Сәкен Сәдібекұлына жаңа шығармашылық табыс және жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!

Құттықтаймыз!!!


Қазақстан тарихы "кафедрасының PhD докторы Гаухар Батырбекқызын талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалуымен құттықтаймыз.

Ғ. Батырбекқызы Жас ғалым ретінде Қазақстанның отандық тарих ғылымының дамуына үлес қосты. "ХХ ғасыр басындағы Қазақ ұлттық зиялылары" зерттеу тақырыбы бойынша Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаттары мен кітапханаларында жұмыс істеді. 60-тан астам еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, 1 оқу құралының, 2 оқу-әдістемелік құралдың және жоғары процентильді Scopus индекстелетін журналдарында 3 мақаланың авторы. Хирша-1 Индексі бар. Алғашқы кеңес дипломаты Нәзір Төреқұловты зерттеу және дәріптеу ісінің меңгерушісі қорының медалімен марапатталған. Сондай-ақ, шетелде кадрлар даярлау комиссиясының 15.12.2020 жылғы шешімімен "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты болып табылады.

Батырбекқызы Гаухарды құттықтаймыз, жемісті жұмыс пен жоғары ғылыми жетістіктер тілейміз!

Ақпан 2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының PhD-докторанты Yerkebulan Raiymbekov, ғылыми жетекшісі Uilesbek Besterekov, және соавторлар Ulzhalgas Nazarbek, Perizat Abdurazova Web of Science Core Collection, SCIE деректер базасында Q2-квартиліне ие «REVIEWS IN INORGANIC CHEMISTRY» журналында «Review of methods and technologies for the enrichment of low-grade phosphorites» https://doi.org/10.1515/revic-2021-0041 тақырыбындағы ғылыми мақаласының жариялануымен құттықтаймыз. Мақалаға сілтеме: https://www.degruyter.com/document/doi/10.1515/revic-2021-0041/html

 Өкінішке орай, 2022 жылдың 7 ақпан күні мезгілсіз қайтыс болған т.ғ.д., профессор Үйлесбек Бестерековтың бұл соңғы жарияланған ғылыми мақаласы болатын. Өз өмірінің 40 жылын ғылымға арнаған ұстаздың жолын шәкірттері жалғастыруда!!!

Оқиғалар
Есептер
Құрылым
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz

Please publish modules in offcanvas position.