«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы 2002ж.«Информатика» кафедрасы негізінде ашылды. Сол жылдардан бері қарай «Информатика» кафедрасының меңгерушісі болып 2002-2017 жж. аралығында ф.-м.ғ.к., доцент М.М.Медетбеков басқарды, 2017-2018жж. аралығында п.ғ.к., доцент Ж.Д.Изтаев, ал 2018ж бері п.ғ.к., доцент Гүлзат Турысбекқызы Джусупбекова кафедраға жетекшілік етіп келеді.
Кафедра бойынша 2025-2026 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы 18 оқытушыны құрайды. Оның ішінде 1 кандидат, 3PhD доцент, 6 аға оқытушы, 8 оқытушы қызмет етуде.
Кафедраның аға оқытушысы М.М.Тұрғанбекова 27.05.2024-27.05.2025ж аралығында «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша бір жылдық стипендияны жеңіп алып Иллинойс штаты, Урбана-Шампейн қаласындағы Иллинойс университетінде тағылымдамадан өтіп келді.
Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы PhD, доцент Г.С.Шаймерденова және аға оқытушы А.Б.Тоқтарова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2024» атағына ие болды.
«Информатика» кафедрасында оқытылатын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мақсаты білім алушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру, қолдану және талдау, сонымен қатар, басқа да оқу пәндерін оқыту үшін ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз ету. Бағдарлама студенттердің қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласында АКТ құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
2024-2025 оқу жылында кафедара 6В06141 – «Виртуалды шындықты моделдеу және құру» мамандығы Білім беру бағдарламасы бойынша ашылды. Бұл мамандықтың мақсаты Виртуалды және кеңейтілген шындық технологиялары саласында заманауи теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие, интерактивті цифрлық орталарды жобалау, моделдеу, бағдарламалау және енгізу қабілеті бар, сондай-ақ ІТ-индустрия, білім беру, медицина, өнеркәсіп және ойын технологиялары сияқты түрлі салаларда бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау. Бұл бағдарлама студенттердің үшөлшемді графика, компьютерлік модельдеу, иммерсивті технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу және пайдаланушы интерфейстерін жобалау салаларындағы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Осы мамандық бойынша 2024-2025 оқу жылында 21 студенті бар тұратын 1 топ және 2025-2026 оқу жылында 28 студенті бар 2 топ ашылып қазіргі таңда білім алуда.