Басып шығару

«Салауатты өмір салты - қазіргі жастардың ұраны» тақырыбында ашық сабақ

21.04.2026ж «Техникалық мамандықтар бойынша практикалық орыс тілі» кафедрасының  аға оқытушысы Айтмамбетов Фархад Умирзакович   ИП-25-1к  білім алушы академиялық топ студенттерімен  «Салауатты өмір салты - қазіргі жастардың ұраны»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты:  Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру – қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселерінің бірі болып тұр. Бұл мәселенің мағыздылығы – қоғамымыздың әлуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына, жастардың өз денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланыстыда арта түсуде.

         Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарың денсаулығы, білімі мен салауатты» тармағында «... азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.


powered by social2s