30.09.2026 ж «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Рахымбек Назира Жайлауовна және оқытушы Тастанбекова Баян Омирзаховна «Заң және тәртіп»қағидаты аясында ИП-26-11к тобының білім алушыларының құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Мақсаты:«Заң және тәртіп» қағидатының қоғамның тұрақты дамуы, қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын ашу. Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституция мен қолданыстағы заңнаманың негізгі нормаларын түсіндіру, құқықтары мен міндеттерін саналы түрде орындауға бағыттау. Сонымен қатар, заң талаптарын құрметтеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайтуға ықпал ету.
Жаңалықтар
«Заң және тәртіп»қағидаты туралы түсіндіру жұмыстары
powered by social2s



