Басып шығару

Білім күні – жарқын бастамалардың бастауы!

1 қыркүйек – білім мен ізденіске жол ашатын, жаңа үміт пен жарқын мақсаттарға бастайтын ерекше күн. Бұл күн – ұстаз бен шәкірт қауымын тоғыстырып, жаңа оқу жылына үлкен сеніммен қадам басатын айтулы мереке.
Осы мерекеге орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Компьютерлік инженерия және энергетика» жоғары мектебіне қарасты «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының аға оқытушысы Тилеуов Ғ. Е. және кафедра оқытушысы Сулейменов О. М. Шымкент қаласындағы №136 және №16 жалпы орта білім беретін мектептерінде ұйымдастырылған Білім күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.
Салтанатты жиын барысында Тилеуов Ғ. Е. және Сулейменов О. М. мектеп ұжымдарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздарға еңбектеріне толағай табыс, шығармашылық шабыт, ал жас ұрпаққа сапалы білім, биік мақсат пен жарқын жетістіктер тіледі.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа белестердің бастауы болсын!
Барша ұстаздар мен оқушыларға сәтті оқу жылы, мол жетістік және шығармашылық шабыт тілейміз! ??
Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!

powered by social2s