2026 жылдың маусым айының 13-і күні Қайырымдылық іс-шарасы аясы бойынша ДЕМЕУШІЛІККЕ ТАРТУ мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының магистр оқытушысы Н.Ж.Серикбаеваның бастамасымен бірге ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАУШЫ Шымкент қаласы, Нұртас мөлтек ауданы, Саяхат көшесінде орналасқан ЖК MobIT Group жеке кәсіпкер Дәулетбек Д.Д. тарапынан Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілеріне заттай қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық іс-шарасының басты мақсаты – орталықтағы балаларға жан-жақты қолдау көрсету, оларға мейірім мен қамқорлық сыйлау, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ балалармен жылы қарым-қатынас орнатып, олардың қоғам назарынан тыс қалмайтынын сезіндіру болды. Бұл игі бастама балаларға тек материалдық көмек көрсетумен шектелмей, рухани тұрғыдан да үлкен демеу болды. Олар үлкендердің қамқорлығы мен жанашырлығын сезініп, өздерінің қоғам үшін маңызды екенін түсінді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық, олардың шынайы алғысы ұйымдастырушылар үшін ең үлкен марапатқа айналды. Қайырымдылық – қоғамды ізгілікке, жанашырлыққа және мейірімділікке бастайтын асыл құндылықтардың бірі. Осындай игі шаралар арқылы біз әрбір баланың бақытты өмір сүруге, сапалы білім алып, жарқын болашаққа ұмтылуға толық құқығы бар екенін тағы бір мәрте дәлелдейміз. Қоғамның әрбір мүшесі қайырымдылық пен қамқорлыққа үлес қосқан сайын, балалардың өмірге деген сенімі артып, болашаққа деген үміті нығая түседі. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық іс-шаралары өз жалғасын тауып, игі дәстүрге айналады деп сенеміз. Себебі балаларға көрсетілген әрбір жақсылық – жарқын болашаққа салынған маңызды қадам.
Жаңалықтар
Қайырымдылық іс-шара аясы
powered by social2s

