Басып шығару

«Суды үнемдеу» тақырыбында кезекті кураторлық сағат

Су ресурстары – қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ететін маңызды табиғи байлықтардың бірі. Су ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, энергетика саласында және тұрмыстық қажеттіліктерді өтеуде кеңінен қолданылады.Осы тақырып аясында, Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының  оқытушысы Тастанбекова Баян Омирзаховна  ЖТ-24-7к тобы студенттері және кафедра оқытушыларының қатысуымен «Суды үнемдеу» тақырыбында кезекті кураторлық сағат өтті. Іс-шараның басты мақсаты — Мақсаты: су ресурстарын үнемдеудің маңызын ғылыми тұрғыдан негіздеу, оларды тиімді пайдалану қажеттілігін көрсету және табиғи ресурстарды ұтымды басқаруға қатысты жауапкершілікті арттыру.Кураторлық сағат барысында студенттердің ас-суды қадірлеу және үнемшілдік әдетін қалыптастыру арқылы қоғамға нақты пайда әкеле алатыны ерекше атап өтілді.
 Кафедра  оқытушысы Тастанбекова Б.О.: «Суды саналы түрде пайдалану — әрбір студенттің күнделікті өмірдегі экологиялық жауапкершілігінен басталады. Университет қабырғасында су ресурстарын ұтымды пайдалану және үнемдеу қағидаттарын насихаттау арқылы біз табиғатқа жанашыр, экологиялық мәдениеті жоғары әрі жауапты жастар қауымдастығын қалыптастырамыз. Су ресурстарын сақтау тек жеке тұтыну деңгейінде ғана емес, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады». Іс-шара соңында қатысушылар су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша арнайы үндеу қабылдап, университет аумағында суды ысырап етпеуге шақыратын ақпараттық челлендж ұйымдастыру туралы келісімге келді. Аталған бастама студенттер арасында судың маңызы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ күнделікті өмірде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.


powered by social2s