Басып шығару

"Діни экстремизмнің алдын алу" тақырыбында ашық сабақ

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының оқытушысы Джангасиев Райымбек Маратұлының ұйымдастыруымен студенттерге арналған ашық сабақ өтті. Дәрістің басты тақырыбы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – «Діни экстремизмді алдын алу» мәселесіне арналды.
Шараның мақсаты — жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатерін түсіндіру және студенттердің бойында экстремистік идеяларға қарсы берік иммунитет қалыптастыру.
Сабақтың басты бағыттары мен мазмұны. Оқытушы Р.М. Джангасиев интерактивті көрнекі құралдар мен заманауи мультимедиялық тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып, діни экстремизмнің алдын алудың 6 негізгі бағытын айқындап берді:
- Білім беру — діни және зайырлы сауаттылықты көтеру.
- Жастармен жұмыс — жас буынның әлеуметтік белсенділігін арттыру.
- Діни диалог — конфессияаралық келісімді нығайту.
- Отбасылық құндылықтар — тәрбие мен отбасы институтын қолдау.
- Әлеуметтік даму — жастардың қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасау.
- Интернет қауіпсіздігі — желідегі күмәнді ақпараттардан қорғану және киберсауаттылық.
«Бірге қауіпсіздікті қамтамасыз етейік!» — бұл бүгінгі сабақтың ғана емес, жалпы қоғам болып ұстануға тиіс басты ұранымыз, — деп атап өтті дәріскер.
Студенттердің белсенділігі. Сабақ барысында студенттер тек тыңдаушы болып қана қоймай, тақырыпты талқылауға белсене араласты. «Діни экстремизмге қарсымыз!» және «Терроризмге жол бермейміз!» атты арнайы тақтада студенттер өз ойлары мен пікірлерін стикерлер арқылы қалдырып, бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтындықтарын білдірді. Жастар экстремистік идеяларға үзілді-кесілді қарсы екендіктерін ашық жеткізді.

powered by social2s