Басып шығару

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне экскурсия

“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының оқытушысы Каржаубекова С.С. ұйымдастыруымен 10.05.2026ж. ИП-25-11к2 тәлімгерлік тобымен Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы танымдық-тәлімдік экскурсия жасап қайтты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ ел тарихындағы саяси қуғын-сүргін кезеңінің зардаптары туралы жан-жақты мағлұмат беру болды.Экскурсия барысында қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, ХХ ғасырдың қиын кезеңдерін бейнелейтін тарихи құжаттар, архивтік материалдар, фотосуреттер мен жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар Алаш зиялылары мен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың өмір жолы, олардың ел тәуелсіздігі мен ұлт болашағы жолындағы еңбектері туралы маңызды ақпараттар берілді.Музей қызметкерлері саяси қуғын-сүргін жылдарындағы тарихи оқиғаларға кеңінен тоқталып, сол кезеңнің халық тағдырына тигізген ауыр зардаптарын түсіндірді. Экскурсия барысында білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тарихқа қатысты тың мәліметтер алды.Тағылымы мол бұл шара жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік қасиет пен ұлттық рухтың қалыптасуына оң әсерін тигізді. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар өскелең ұрпақты тарихи жадыны құрметтеуге, өткеннен сабақ алуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.Экскурсия соңында қатысушылар музей ұжымына алғыстарын білдіріп, өздерінің ерекше әсер алғандарын жеткізді. Сонымен қатар мұндай танымдық шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуы қажет екендігін атап өтті.

Image

powered by social2s