2026 жылғы 23 сәуірде VI халықаралық «Заманауи білім беру: трендтер мен стратегиялар» форум аясында Файз Нурсултан Сапарұлы «ЖЭК энергия жүйелерінің тұрақтылығы мен теңгерімі мәселелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық дәріс сабағы Түркістан облысы мысалында электр энергиясына сұраныс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі гибридті энергетикалық қондырғылардың рөліне арналған. Сабақ барысында энергия жүйелерін модельдеуге және нақты өңірлік деректерді талдауға негізделген инновациялық тәсіл қолданылады.
Жаңалықтар
ФОРУМ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ
powered by social2s



