2026 жылғы 24 сәуірде «Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD С.М. Моминова «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер және стратегиялар» атты VI Халықаралық форум аясында ашық сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы — “Future friendly? Grammar: Future forms”. Сабақ барысында оқытушы шетел тілін оқытуда заманауи әрі инновациялық әдістерді тиімді қолдана отырып, өзінің жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті. Сабақ мазмұндық жағынан жүйелі құрылымымен, интерактивті форматымен және студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуымен ерекшеленді.Форум қорытындысы бойынша С.М. Моминова «Инновациялық педагог» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік оның кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігінің, сондай-ақ білім беру үдерісіне озық тәжірибелерді енгізуге деген ұмтылысының айқын дәлелі болып табылады.
Жаңалықтар
VI Халықаралық форум “Future friendly? Grammar: Future forms”.
powered by social2s


