Басып шығару

Туған өлке тарихымен танысу

Кураторлық сағат аясында А.С.Қыдырбекова студенттермен бірге қалалық сурет галереясына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттерді туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен және өнері арқылы тарихи кезеңдермен таныстыру.

Экскурсия барысында студенттер қаланың қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін көркем шығармаларды, тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғаларға арналған суреттерді тамашалады. Галерея қызметкері әрбір экспозиция бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қаланың әр кезеңдегі әлеуметтік-мәдени өмірі туралы мәліметтер берді.

Студенттер қаланың өткен тарихы, сәулет өнерінің дамуы, тарихи орындар мен мәдени мұралары туралы құнды ақпарат алды. Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Қорытынды

Өткізілген кураторлық сағат студенттердің туған жер тарихына деген қызығушылығын арттыруға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және мәдени-рухани құндылықтарды құрметтеуге ықпал етті. Мұндай танымдық іс-шаралар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, тарихи санасын дамытуда маңызды рөл атқарады.

powered by social2s