Басып шығару

«Болашақ» стипендиаттары тәжірибесімен бөлісуде

«Болашақ» стипендиаттары тәжірибесімен бөлісуде: Мәдина Тұрғанбекова АҚШ-тағы ғылыми тағылымдамасын қорытындылады
М. Әуезов атындағы ОҚУ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Мәдина Мырзабекқызы Тұрғанбекова Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында АҚШ-тың беделді Иллинойс университетінде (UIUC) өткен ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтап, кафедра әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты.
Ғылыми зерттеудегі жаңа тәсілдер: Тағылымдама қорытындысы бойынша өткен семинарда М. Тұрғанбекова халықаралық деңгейде ғылыми мақала дайындаудың тиімді жолдарын таныстырды. Ол дереккөздерді Annotated Bibliography Matrix арқылы жүйелеу, зерттеудегі өзекті мәселені (Research Gap) анықтау және мақаланы IMRAD стандартына сәйкестендіру бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Осы әдістемелердің көмегімен дайындалған зерттеу жұмысы халықаралық рецензияланған журналы мен АҚШ-тағы ғылыми конференцияға ұсынылды.
Оқытудың инновациялық форматтары: Оқытушы АҚШ-тың академиялық ортасында кеңінен қолданылатын және студенттердің белсенділігін арттыратын келесі инновациялық форматтарды оқу үдерісіне енгізуді ұсынды:
• Дебат форматтары: Студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға арналған пікірталас алаңдарын ұйымдастыру;
• Постер презентациясы (Mini-conference): Студенттік жобаларды шағын конференция форматында қорғау арқылы олардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
• Белсенді әдістер: Flipped Classroom (төңкерілген сынып) және Peer Instruction (өзара оқыту) технологиялары;
• Цифрлық геймификация: Сабақ барысында Kahoot, Quizlet және академиялық мақсаттағы ChatGPT (Generative AI) құралдарын тиімді қолдану.
Бұл тәжірибе алмасу іс-шарасы кафедраның ғылыми-әдістемелік әлеуетін көтеруге және оқу үдерісін халықаралық стандарттарға сәйкес цифрландыруға бағытталған маңызды қадам болды

powered by social2s