Басып шығару

XXVІІІ Республикалық студенттік ғылыми конференция

2025 жылдың 04 желтоқсан күндері «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасында  «Жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікті ІТ индустриясына енгізудің заманауи әдістері» атты XXVІІІ Республикалық студенттік ғылыми конференциясы болып өтті.Кафедрада студенттердің баяндамаларын тыңдау жоспарланды және жүзеге асырылды. Студенттер баяндамалары Жасанды интеллекттің қолдану барысы, жаңа технологияларды үйрену, үйлесімді жəне ыңғайлы жұмыс орындау технологияларын дамыту, қол жетімді нәтижелерге жету, өзгерістік технологиялар жайлы мағлұмат алу жəне өмірді жақсарту жолындағы технологияларды көрсету тақырыптарын талқылады.
  1. Факультет конференциясына қатысуға ұсынылған баяндамалар саны 16.
  2. Ғылыми жетекшісі, студенттің аты-жөні, баяндаманың тақырыбы көрсетілген бағдарламадан тыс ұсынылған баяндама саны –0.
  3. Студенттердің және ғылыми жетекшісінің аты жөнін, себебін көрсете отырып, өткізілмеген баяндамалар саны – жоқ.
  4. Конференцияға қатысушылардың саны (студенттер)- 20.
  5. Конференция барысында баяндамалардың барлығы тыңдалды. Жасалған баяндамалар Жасанды интеллекттің ғылым және техникада алатын орны қамтылды және қатысушылар зор қызығушылықпен тыңдады. Баяндамалардың ішінен профессор-оқытушыларының бір ауызды пікірімен келесі 10 студент жүлделі орындар иегерлері атанды және мақтау қағаздарымен марапатталды:

powered by social2s