Басып шығару

"Ақпараттық жүйелер және модельдеу" кафедрасы оқытушылар қайрымдылық іс-шарасын өткізді

«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедраның оқытушылары «Шымкент қаласы №1 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барып, қамқорлыққа мұқтаж жандарға қаржылық және материалдық көмек көрсетті.

Бұл игі іс – әлеуметтік жауапкершілікті арттырумен қатар, қоғамдағы мейірімділік пен бірліктің маңызын тағы бір дәлелдейді.

Біз үшін әр адамның жағдайына қолдау көрсету – үлкен мәртебе.

Орталық қызметкерлеріне жылы қабылдауы үшін алғыс білдіреміз.

Жасаған көмегіміз жүректерге қуаныш сыйлап, игілігіне жарасын деп сенеміз.


powered by social2s