Басып шығару

«Бір тамшы мейірім» қайырымдылық іс-шарасы

2025 жылдың 26-шы қараша күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары мектебінің «Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен ««Бір тамшы мейірім» атты қайырымдылық іс-шарасы өтілді.
«Бір тамшы мейірім» - жүректен шыққан жақсылыққа бастайтын игі бастама. Бұл іс-шараның мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Әр адам жасаған кішкентай ғана жақсылығы арқылы біреудің үмітін жаға алады. Бір тамшы су теңізді толтырғандай, әркімнің қосқан үлесі үлкен өзгеріс әкеледі. Біз осы іс-шара арқылы балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді қайырымдылыққа тәрбиелеуді, бір-біріне қол соза білуді үйретуді мақсат етеміз.Іс-шара барысында жиналған заттар, қаржылай көмек немесе қажетті тұрмыстық бұйымдар тұрмысы төмен отбасыларға, көпбалалы жандарға, арнайы орталықтарға жеткізіледі. Сонымен қатар қатысушылар мейірімділік туралы ойларымен бөлісіп, шағын концерттік бағдарлама, сурет көрмесі немесе шығармашылық қойылым ұйымдастыруы мүмкін.Мейірім – адамның ең асыл қасиеті. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетсек, қоғамымыз мейірімге, сенімге және жылылыққа толы бола алады.
Келіңіздер, бірге жақсылық жасайық!
       Әр жүректен шыққан бір тамшы мейірім – бір адамның өмірін өзгертетін үлкен жарық.


powered by social2s