Қаршы мемлекеттік техникалық университетінің шетелдік ғалымдары «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының білім алушыларына дәрістер оқуы және практикалық сабақтар өткізуі
Қаршы мемлекеттік техникалық университетінің (Өзбекстан Республикасы, Қаршы қ.) ғалымдары - PhD докторы Асрор Пардаұлы Өміров және доценті Румия Хамидуллаева 2025 жылғы 10-14 қараша аралығында «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының 6В07150 «Электрэнергетика», 6B07151 «Электрмен жабдықтау», 6В07152 «Электрэнергетикалық жүйелер инженериясы» бакалавриат білім алушыларына дәрістер оқыды және практикалық сабақтар өткізді.Білім алушыларға дәрістер мен практикалық сабақтар тақырыптары бойынша үлкен көлемде мәліметтер беріліп, қазіргі заманғы энергетиканың өзекті мәселелері қаралды.Білім алушылар тарапынан оқу процесінде қажетті білімді қалыптастыруға, ал одан әрі - энергетикалық ұйымдарда практикалық жұмыста қолдануға ықпал ететін ұсынылған ақпаратқа белсенді қызығушылық білдірілді.




