Басып шығару

Практикалық ашық сабақ «Love it or hate it»

21.10.25 жылы қазан айында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасың аға оқытушысы  Қалауова С.С.  СМ-25-5к18  тобының студенттерімен  «Love it or hate it» атты ашық практикалық сабағы кестеге сәйкес толығымен орындалды.  Сабақта активті және интерактивті әдістері, топтық жұмыс әдісінің элементтері қолданылған.Студенттердің сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында сабақ барысында рөлдік ойындар, көрнекі құралдар қолданылды. Сабақ тақырыбына байланысты мәліметтер толық қамтылды. Сонымен бірге Team-group work түрінде (Food and drink және Do you like?) топтық жұмыс  жүргізілді. Студенттермен мысал келтіру,сөйлемді дұрыстау, тақырып мазмұнына қарай сөздер табу тапсырмасы, сәйкестендіру, Kahoot және тыңдалым қолданылды.


powered by social2s