«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі, «Техникалық мамандықтар үшін Шет тілі» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Сатылханова Гульмира және аға оқытушыМұсалиева Мария тарапынан Оңтүстік Қазақстан газетінің 03 маусым 2025ж №44-ші санына Жоғары мектептің жалпы жұмыс бағытының тынысы жайлы мақала жарияланды. Мақалада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетініңөзіндік орны бар білім ордаларының бірі екендігі айтылған. Оқу орны сексен жылдан астам уақытта өзінің қалыптасу мен даму жолынан өтіп, білікті де білімді жастарды білім нәрімен сусындатты. Білім мен ғылымның ордасына айналған университеттехникалық, гуманитарлық, экономикалық және педагогикалық мамандарды даярлайды. Сонымен қатар, жас мамандардың біліктілігін арттыруды сәтті жүзеге асырып, білім беру нарығында туындаған қажеттіліктерге сай жаңашыл жұмыс істеу тәсілдері арқылы мол тәжірибе жинады. Білім мен ғылымға қоятын талап артқан бүгінгі заманда маманға жүктелер жауапкершілік те уақыт өте келе арта түсуде, мыңдаған білікті мамандар даярланып, қияға қанат қақты. Еліміздің дамуына үлесін қосып келе жатқан оқу орны Халықаралық QS World University Rankings рейтінгісінде алғаш рет әлемнің үздік ТОП 450+қатарына енді.Атап өтер болсақ, «Ақпараттық технологиялар және энергетика»жоғары мектебінп.ғ.д., профессор Қ.Ж.Әжібековтің басқаруымен келелі жұмыстар атқарылып келеді. Жоғары мекептің профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары бәсекеге қабілетті екендігі сөзсіз. Ғалымдарымыз ғылым салаларына қатысты іргелі зерттеу еңбектерінел игілігіне айналдырды.
