Басып шығару

Құрметті студенттер мен магистранттар!

Image

Құрметті студенттер мен магистранттар!

2025–2026 оқу жылынан бастап келесі білім беру бағдарламалары жаңартылды:

 

  1. 6B01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі

 

Негізгі өзгерістер

 

1.⁠ ⁠Таңдау пәндері:Жасанды интеллект негіздері – 3 кредит,Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық – 5 кредит,Онлайн-қоғамдастықтар арқылы оқыту әдістерін жетілдіру – 5 кредит,Зерттеу, даму және инновациялар (Lesson Study),Педагогикалық зерттеулер (Action Research)

2.⁠ ⁠Мазмұнды жаңарту:

  • Пәндерде жасанды интеллект, инклюзия, медиасауаттылықтақырыптары қосылады.
  • «Педагогика және киберпедагогика» курсы «Қазіргі педагогика» деп өзгертілді.
  • «Ағылшын тілі медиасауаттылық үшін» курсы «Медиасауаттылық және жасанды интеллектіні қолдану» деп өзгертілді.

3.⁠ ⁠Оқу нәтижелері мен құзыреттер:

  • Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану құзыреттері күшейтілді.
  • Мәдениетаралық коммуникация мен инклюзияға баса назар аударылды.
  • Сабақ жоспарлау және оқыту әдістемелері бойынша оқу нәтижелері нақтыланды.

 Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.

 Сұрақтар туындаса – оқу офисіне немесе білім беру бағдарламасының үйлестірушісіне жүгініңіздер

2.⁠ ⁠6B01704 – Шетел тілдері (IP)

  Қосылған пәндер:

  • Медиасауаттылық және жасанды интеллектті қолдану (3 кредит)
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық (5 кредит)
  • Lesson Study (4 кредит)
  • Action Research (4 кредит)
  • Экожүйежәне құқық (5 кредит)

  Жаңартулар:

  • «Сыбайласжемқорлыққақарсы мәдениет негіздері» пәнінде «Жасанды интеллектіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдану» тақырыбы енгізілді.
  • «Әлеуметтанужәнесаясаттану», «Мәдениеттану және психология» курстарына инклюзия, әлеуметтік интеграция және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау тақырыптары қосылды.

 Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.

 

3.⁠ ⁠6B01703 – Ағылшын тілі (IP)

  Негізгі өзгерістер. Қосылған пәндер:

  • Медиасауаттылықжәнежасанды интеллектіні қолдану (3 кредит)
  • Кәсіпкерлікжәнеқаржылық сауаттылық (5 кредит)
  • Lesson Study (4 кредит)
  • Action Research (4 кредит)
  • Экожүйежәнеқұқық (5 кредит)

  Жаңартылған мазмұн:

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінде «Жасанды интеллектіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдану» тақырыбы енгізілді.
  • «Социология және саясаттану», «Мәдениеттану және психология» курстарына инклюзия, әлеуметтік интеграция және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау тақырыптары қосылды.

 Түзетулер:

  • Қайталанатын пәндер біріктірілді («Экология және ҚТН негіздері» + «Экономика және құқық негіздері» → Экожүйе және құқық).
  • «Ғылымизерттеудіжобалау және әдістеме» курсының көлемі 10 кредиттен 7 кредитке қысқартылды.

  Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.

Сұрақтар бойынша – оқу офисіне немесе білім беру бағдарламасының үйлестірушісіне жүгініңіздер.

 

4.⁠ ⁠6B02320 – Аударма ісі

 

 Қосылған пәндер:

  • Жасандыинтеллектнегіздері
  • Кәсіпкерлікжәнеқаржылық сауаттылық

 

Жаңартулар:

  • Пәндерде жасанды интеллект, инклюзия, медиасауаттылық тақырыптары енгізілді.
  • Пәндерге«Кітапханашы-аудармашы» кәсіби стандарты бойынша тақырыптар қосылды.
  • «Ағылшынтілімедиасауаттылық үшін» курсы «Медиасауаттылық және жасанды интеллектті қолдану» деп өзгертілді.

 

Келесі кәсіби стандарттар ескерілді:

  • «Аудармашы» және«Кітапханашы-аудармашы»

 Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді

 

5.⁠ ⁠6B02330 – Шетел филологиясы

 

Қосылған пәндер:

  • Жасандыинтеллект негіздері
  • Кәсіпкерлікжәне қаржылық сауаттылық
  • Мәтінділингвистикалықсараптау
  • Ізбе-із аудармапрактикумы
  • Ауызшааударматеориясы мен әдістемесі
  • Ауызша аударма практикасы

 

 Жаңартылған мазмұн:

  • Пәндерде жасанды интеллект, инклюзия, медиасауаттылық тақырыптары енгізілді.
  • «Ағылшын тілі медиасауаттылық үшін» курсы «Медиасауаттылық және жасанды интеллектіні қолдану» деп өзгертілді.

  Оқу нәтижелерін түзету:

  • Аударма қызметі бойынша құзыреттер күшейтілді.
  • Мәтінді лингвистикалық сараптау және сот-сараптамалық салада жұмыс істеу дағдылары енгізілді.
  • Кәсіби дағдыларды педагогикалық стандарттар мен инклюзивті тәсілдерді ескере отырып дамыту.

 

Жаңартулар ескерді:

  • «Аудармашы» және «Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу» кәсіби стандарттары;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа талаптары;
  • ЖИ, медиакоммуникация және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи үрдістер.

 Жаңартулар оқу жоспарына және қалыптасатын құзыреттерге әсер етеді.

 

6.⁠ ⁠7М02330 – Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация

  Негізгі өзгерістер:

  • «Жоғары мектеп педагогикасы және психологиясы» пәні қосылды (5 кредит).

  Пәндердің атауларына түзетулер:

  • «Зерттеу әдістемесі және академиялық жазу» → «Академиялық жазу және жобалық жұмыс»
  • «Профильдік пәндерді оқыту әдістемесі» → «ЖОО-дағы шетел тілін оқыту әдістемесі»

Пәндердің мазмұнындағы өзгерістер:

  • «Басқару психологиясы» пәнінің көлемі 4 кредиттен 3 кредитке қысқартылды.
  • «Аударматанудағы цифрлық технологиялар» және «Компьютерлік лингвистика» курстарына жасанды интеллектіні аудармада, компьютерлік лингвистикада, NLP-де, мәтінді талдау мен мәдениетаралық коммуникацияда қолдану тақырыптары енгізілді.

 

 Жаңартылған оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК):

Оқу нәтижелері:

  • Өзгерістер ҚР МЖМБС, жаңа кәсіби стандарттар және жетекші ЖОО-лардың тәжірибесіне негізделген.
  • ЖИ қолдануды ескере отырып, пәндер бойынша жаңа әдістемелік материалдар дайындалды.

 

 Сұрақтар бойынша бағдарлама үйлестірушісіне хабарласуыңызға болады.

 


powered by social2s