“Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі” кафедрасының оқытушысы Хусаинова Гульмира Жангалиевна жас ғалымдарға арналған университет ішілік байқауда грант иегері атанды. Жобаның тақырыбы –«Қазақстандық билингвтердің (қос тілділердің) мәдениетаралық коммуникация контексінде медиамәтіндердегі түр-түстерді эмоционалды қабылдауын таныту (қазақ, орыс, корей және ағылшын тілдері)».Жоба аясындағы қаржыландыру көлемі – 2 миллион теңге.
