"Auezov University- 2025": Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын бастады.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Басқару және бизнес" жоғары мектебі мен "Экономикалық теория" кафедрасы ұйымдастырып отырған "Auezov University-2025" Халықаралық қысқы мектебі өз жұмысын бастады.
"Цифрлы Қазақстан: жасанды интеллект- өсудің қозғаушы күші ретінде" тақырыбындағы қысқы мектептің ашылуына университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев, "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің деканы Сейдахметов Марат Қанымбекұлы, "Экономикалық теория" кафедрасының меңгерушісі Мергенбаева Азиза Тоймаханбетовна қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қысқы мектептің негізгі мақсаты- қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру,аналитикалық ойлау дағдыларын жетілдіру,сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының экономиканың , мемлекеттік басқарудың, бизнестің және әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында тиімді қолдану жолдарын зерделеу.
Қысқы мектеп 2025 жылғы 8-19 желтоқсан аралығында онлайн форматта өткізіледі. Бұл формат әлемнің түкпір-түпкірінен жетекшісі ғалымдар мен тәжірибелі сарапшыларды бір арнаға тоғыстырып, кәсіби тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік береді.