“Путра Малазия” университетінің профессоры NOR‘AINI BINTI ABDUL RAHMAN-идің академиялық сапары
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің, «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебінің Биология және география кафедрасына Малайзияның “Путра Малазия” университетінің биология, биотехнелогия және биомолекула ғылымдары факультетінің профессоры NOR‘AINI BINTI ABDUL RAHMAN шетелдік ғалым ретінде шақыруымен келді.
Профессордың университеттегі академиялық сапары 2026 жылдың 12-24 қазан аралығын қамтиды.
Кездесу барысында білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық ұтқырлықты жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу және білім алушылардың халықаралық тәжірибесін арттыру мәселелері талқыланды.
Профессоры NOR‘AINI BINTI ABDUL RAHMAN сапар барысында бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына дәрістер оқып, тренингтер өткізді. Дәріс кезінде білім алушылармен биология, биохимия және биотехнология саласындағы заманауи ғылыми бағыттармен таныстырып халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар шетелдік маманмен пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға кеңес-жауап алу мүмкіндігіне ие болуда. Нәтижесінде білім алушылар кәсіби және ғылыми құзыреттілігін арттырумен қатар, халықаралық ғылыми ортадағы өзекті мәселелермен танысуға мүмкіндік алуда.